News Suite (Socialife) сервисін пайдалану ережелері
Соңғы Редакцияланған Күні: 1 Қазан 2016

[ Language : Kazakh, Қазақша ]

Осы Пайдалану ережелері («Ережелер») тіркелген пайдаланушыларға (олардың әрқайсысы әрі қарай – «Пайдаланушы» немесе «Сіз») ұсынылатын Sony Network Communications Inc. («Sony») компаниясының «News Suite (Socialife)» («Сервис») деп аталатын арнайы сервисін пайдалану шарттарын және ережелерін белгілейді.
СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУҒА КІРІСЕРДІҢ АЛДЫНДА, ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРМЕН ЖӘНЕ СЕРВИСТІҢ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ САЯСАТЫМЕН («ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ САЯСАТЫ») МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҒУДЫ ӨТІНЕМІЗ. ЕГЕР СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНСАҢЫЗ, ДЕМЕК СІЗ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ШАРТТАРЫ МЕН САЯСАТЫН ҚАБЫЛ АЛДЫҢЫЗ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КЕЛІСЕСІЗ.
Сонымен қатар, Сервисті пайдаланған кезде басқа үшінші тараптардың сервистерін пайдалану қажет болуы мүмкін, олардың әрқайсысының өз пайдалану ережелері болады. Сондықтан, Сервисті пайдаланбастан бұрын, сондай-ақ аталған басқа сервистерді пайдалану шарттарымен танысып шығуыңызды өтінеміз.
Бұл Сервис тек Аустрия, Бельгия, Босния және Герцеговина, Болгария, Хорватия, Чехия Республикасы, Дания, Латвия, Литва, Финляндия, Франция, Германия, Грекия, Эстония, Венгрия, Италия, Қазақстан, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Ресей, Сербия, Словакия, Словения, Испания, Ирландия, Швеция, Швейцария, Түркия, Украина, Ұлыбритания (тізім өзгеруі мүмкін) елдерінде тұрақты мекендейтін және 13 жасқа толған тұлғалар үшін ашық.

1. МҮШЕЛІК
(1) Осы Ережелер мыналардан тұрады: (a) осы құжатта көрсетілген барлық шарттар мен қағидалар; (b) Сервисте мезгіл-мезгіл жарияланып отыратын барлық қолданыстағы ережелер мен жұмыс принциптері; және (c) Деректерді қорғау саясаты; Sony компаниясы олардың кез келгенін мезгіл-мезгіл өзгертіп отыруы мүмкін. Sony осы Ережелердегі, Деректерді қорғау саясатындағы, Сервистегі өзгерістер туралы Сізді хабарландыру үшін, немесе басқа да маңызды жағдайларда, Сервисте хабарландырулар жариялауы немесе Сервис арқылы хабарлар жолдауы мүмкін. Sony тарапынан сондай ақпаратты жариялау немесе жолдау Сізді өзгерістер туралы құлақтандыру болып саналады. Осы Ережелерге кез келген өзгертулер хабарландыру жарияланған немесе хабар жолданған сәттен бастап бірден күшіне кіреді. Сондай хабарландыру жарияланғаннан немесе сондай хабар жолданғаннан кейін Сіздің Сервисті пайдалануды жалғастырғаныңыз Сіздің өзгертілген Ережелерге бағынуға және оларды ұстануға келісіміңізді растайды.
(2) Сервисті пайдалану үшін, Сізге алдымен Sony сұратқан толық әрі дәл мәліметтерді Sony компаниясына хабарлап, пайдаланушының есептік жазбасын құру қажет. Сонымен қатар, Сервис Sony бөлек көрсеткен үшінші тұлғалардың сервистерінің пайдаланушыларының есептік жазбаларымен пайдаланылуы мүмкін. Әр тұлға тек 1 (бір) мүшелікке ие болуға құқылы. Сіздің Сервисті пайдаланған кезде басқа тұлғалардың идентификаторларын пайдалануға құқығыңыз жоқ.
Өзіңіз берген деректердегі барлық өзгерістер туралы Сіз Sony сондай мақсаттар үшін арнайы белгілеген ерекше нысанда Sony компаниясына дереу хабарлап отыруға тиіссіз. Сіз өзіңіздің мүшелігіңізді ешқандай үшінші тұлғаға бере алмайсыз.
2. СЕРВИС
(1) «Сервис» термині Sony компаниясы «News Suite (Socialife)» деп аталатын қосымшаның көмегімен ұсынатын барлық функционалдық мүмкіншіліктерді қамтиды. Sony өзінің жеке дара қалауы бойынша Сервистің құрамына жаңа функцияларды қосуы, одан белгілі бір функцияларды алып тастауы және Сервистің құрамына басқаша түрде өзгерістер енгізуі мүмкін. Егер басқаша тура көрсетілмеген болса, кез келген жаңа мәтіндер, материалдар, файлдар, деректер, өнімдер, қызметтер, мәліметтер, бағдарламалар, бағдарламалық құралдар және Сервистің қолданыстағы нұсқасын кеңейтетін немесе жетілдіретін басқа элементтер осы Ережелерге бағынады. Фотосуреттер мен аудиовизуалдық материалдарды сақтауға және (немесе) үшінші тұлғалардың сервистерін пайдалануға ерекше щарттар қолданылуы мүмкін. Сервисті пайдаланған кезде, Сіз Sony компаниясы көрсеткен басқа әлеуметтік желілерге («Басқа әлеуметтік желілер») және жиынтық ақпараттың қарапайым жиыны форматында табысталатын басқа материалдарға («RSS арналары») шығу мүмкіндіге ие бола аласыз. Сонымен қатар, Сізге Сервистің жұмыс істеуі үшін пайдаланылатын сервер («Сервистің Сервері») арқылы кез келген «Пайдаланушылық материалдарды» Басқа әлеуметтік желілерге жүктеудің көмегімен сондай Пайдаланушылық материалдарды жариялауыңызға, көрсетуіңізге және Басқа әлеуметтік желілердің басқа пайдаланушыларымен бөлісуіңізге болады. «Пайдаланушылық материалдарға» Сіздің өз суреттеріңіз, видео, деректеріңіз, мәтіндеріңіз және (немесе) басқа материалдарыңыз, сондай-ақ Сіз Сервистің жұмысына байланысты және осы Ережелерге сәйкес көзделген әрекеттерді жүзеге асыру үшін заңды негіздерде алған үшінші тұлғалардың материалдары кіруі мүмкін. Суреттерден және (немесе) видеоматериалдардан тұратын кез келген Пайдаланушылық материалдар Сервистің Серверіне жүктеледі және төмендегі 8(2) бөлімде баяндалған шарттарға бағынатын болады.
(2) Сіз Сервисті пайдалануға байланысты қажет болатын кез келген жабдықты дайындау үшін және кез келген шығындар үшін дербес жауапкершілік көтеретініңізді мойындайсыз және келісесіз.
(3) Сервис корпорациялар мен басқа да заңды тұлғалар үшін жабық және тек жеке тұлғаларға ұсынылады.
(4) Сервисте Sony компаниясының, Sony Corporation, оның еншілес және аффилиндірілген компанияларының, сондай-ақ үшінші тұлғалардың жарнамалық-ақпараттық материалдары орналастырылуы мүмкін.
3. ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СЕРВИСТЕРІМЕН БАЙЛАНЫСТАР
Сервиспен байланысы бар немесе Сервисте сілтемелері берілген басқа үшінші тұлғалардың вебсайттары мен сервистері, соның ішінде Басқа әлеуметтік желілер және RSS Арналары («Байланысқан сайттар мен сервистер»), үшінші тұлғаларға тиесілі және үшінші тұлғалардың басқаруының астында жұмыс істейді, Sony компаниясының бақылауына және (немесе) қадағалауына жатпайды, соның ішінде кез-келген қолдануға жататын пайдалану ережелері немесе сондай Байланысқан сайттар мен сервистерді пайдалану үшін ақы төлеу қажеттігі Sony компаниясының бақылауына және (немесе) қадағалауына жатпайды. Байланысқан сайттар мен сервистерді пайдалану Байланысқан сайттар мен сервистердің әрбірінің операторлары белгілеген шарттарға бағынады. Сіз сондай шарттардың барлығын сақтауға келісесіз. Sony кез келген Байланысқан сайттар мен сервистерді пайдалануға байланысты келтірілген қандай да бір залалдар немесе нұқсан үшін жауапкершілік көтермейді және Сіздің кез келген Байланысқан сайттар мен сервистерге шығуыңыз тек қана өз тәуекеліңізбен жүзеге асырылады. Сервисте берілгендерден ешбір нәрсе Байланысқан сайттар мен сервистердің материалдарын және сондай Байланысқан сайттар мен сервистер арқылы көрсетілетін және (немесе) ұсынылатын кез келген тауарларды және (немесе) қызметтерді Sony тарапынан ұсыну және (немесе) мақұлдау ретінде түсінілмеуге тиіс. Осы Ережелердегі ешнәрсе Байланысқан сайттар мен сервистердің операторлары мен Sony компаниясының арасында серіктестік қатынастарды немесе сол тектес қатынастарды құрады деп саналмауға тиіс.
4. ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
(1) Сіз мыналарды куәландырасыз және кепілдік бересіз: (a) Сіздің осы Ережелермен келісуге құқығыңыз бар; (b) Сіздің Сервис арқылы Пайдаланушылық материалдарды орналастыруға, жүктеуге және көрсетуге құқығыңыз бар; (c) Сіздің осы Ережелерге сәйкес берілген лицензияларды беруге құқығыңыз бар; және (d) Sony компаниясының Сіздің осы Ережелер бойынша берген құқықтарды жүзеге асыруы үшінші тұлғалардың зияткерлік меншік құқықтарын қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайды.
(2) Sony компаниясынан Сізге осы Ережелермен берілген Сервисті пайдалану құқықтарын және сондай пайдаланудан әлеуетті пайдалар алғаныңыз үшін, Сіз Sony компаниясына, оның басты, еншілес, аффилиндірілген компанияларына, құқықтық мирасқорларына, лицензиаттары мен цессионарийлеріне (a) Сіздің Пайдаланушылық материалдарыңызды өзіңіздің таңдауыңыз бойынша Басқа әлеуметтік желілермен бөлісу мақсатында Сіздің Пайдаланушылық материалдарыңызды сақтауға, көшіруге, қайталауға, жария қылуға және бейімдеуге және (b) Sony Сіздің Сервисті пайдалануыңызға байланысты алатын ақпаратты Сервистің жұмысын жақсарту мақсаттары үшін пайдалануға айрықша емес, бүкіл дүние жүзінде әрекет ететін мерзімсіз ақысыз лицензия бересіз.
Sony мен Сіздің араларыңыздағы қатынастарда Сіз өзіңіздің барлық Пайдаланушылық материалдарыңыздың меншік иесі болып табыласыз, ал Sony мен оның лицензиарлары Сервиске, технологияларға, ақпаратқа, құжаттарға, файлдарға, вебсайттарға және Сервистің жұмысына байланысты мезгіл-мезгіл әзірленетін басқа өнімдерге барлық меншік, мүліктің және мүліктік емес құқықтарға (соның ішінде барлық зияткерлік меншік құқықтарына) ие.
(3) Деректерді қорғау саясатының қағидаларына қарамастан, Sony компаниясына Пайдаланушылық материалдар мен Sony Сервисті пайдалану құқығын беруге байланысты алған Пайдаланушы туралы кез келген басқа мәліметтерді:
(i) ол заңнаманың талаптарын сақтау үшін талап етілетін уақытта;
(ii) егер Пайдаланушы сондай ақпараттың үшінші тұлғаға жария етілуіне келіссе;
(iii) осы Ережелерге сәйкес Sony құқықтарын қорғау мақсатында;
(iv) Сервистің жұмысына немесе осы Ережелерге байланысты даулар туындаған жағдайда, немесе
(v) Sony компаниясының, Пайдаланущының немесе үшінші тұлғалардың, соның ішінде басқа Пайдаланушылардың құқықтарын, өмірін, мүлкін қорғау үшін

үшінші тұлғаларға жария қылуға арнайы рұқсат етіледі.
5. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
(1) Сіз өзіңіздің идентификаторыңызды пайдалану арқылы Сервисте жүзеге асырылатын кез келген әрекеттер үшін жауапкершілік көтересіз.
(2) Сіз Байланысқан сайттар мен сервистерді, соның ішінде Басқа әлеуметтік желілерді пайдаланудың барлық шарттарын сақтауға міндеттісіз.
(3) Сіз Sony компаниясының (i) Пайдаланушылық материалдардың өздеріне де, оларда білдірілген көзқарастарға да өзінің мақұлдамасын бермейтінімен, және (ii) қандай да бір Пайдаланушылардың әрекеттері үшін ешбір түрде жауап бермейтінімен және ешқандай Пайдаланушылық материалдар үшін жауапкершілік көтермейтінімен келісесіз.
(4) Сіз өзіңіз жүктейтін, көрсететін немесе Сіз Сервисті пайдаланған кезде ортаға салатын Пайдаланушылық материалдар үшін дербес жауапкершілік көтересіз. Бұған, соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, Сіздің Пайдаланушылық материалдарыңыздың сипаты, мазмұны, мәні, Сіздің көзқарасыңызды білдіру, көрсету немесе жариялау кіреді. Сіз Sony компаниясын Сіздің Сервисті пайдаланғаныңызға, Сіздің Пайдаланушылық материалдардыңызға және (немесе) Сіздің осы Ережелерді бұзғаныңызға байланысты туындайтын кез келген талаптардан қорғауға және (немесе) оған барлық залалдарды өтеуге міндеттісіз.
6. КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ПАЙДАЛАНУ
Сервис тек қана коммерциялық емес мақсаттарда жекеше пайдалануға арналған.
7. ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ БАСҚА МІНДЕТТЕРІ
(1) Сіз Сервистің кез келген бөлігінің көмегімен:
(i) автордың немесе құқықтарды иеленушілердің тікелей рұқсатынсыз, сол арқылы ондай тұлғаның авторлық құқықтарын, оның жеке мүліктік емес құқықтарын, меншік құқықтарын, коммерциялық құпияның режимін, патенттік немесе басқа зияткерлік меншік құқықтарын немесе басқа құқықтарын бұзып, авторлық құқықпен, тауар таңбалары туралы немесе коммерциялық құпия режимі туралы заңнамамен, патенттік заңнамамен немесе зияткерлік меншік туралы басқа заңдармен қорғалатын үшінші тұлғалардың материалдары бар;
(ii) құрамында дерексіз немесе адастыруға әкеліп соғатын фактілер баяндалған немесе материалдардың немесе хабарлардың шығу тегі туралы дерексіз немесе адастыруға әкеліп соғатын мәліметтер бар;
(iii) кез келген тұлғаның жеке өмірінің қол сұғылмаушылығын қозғайтын немесе кез келген тұлғаны даралығынан айыратын;
(iv) құрамында вирустар, файларды немесе басқа материалдарды бүлдіріп, сол арқылы кез келген үшінші тұлғаға зиян келтіруі мүмкін;
(v) қылмыс құрамын түзетін, азаматтық жауапкершілікке тартуға негіз беретін немесе кез келген қолданылатын заңдарды немесе нормативтік актілерді бұзатын немесе әлдебіреуді заңды бұзуға итермелейтін немесе заңсыз қызметті жүзеге асыруға себептесетін;
(vi) құрамында кез келген төзімсіздік, нәсілшілдік немесе жеккөрініш нышандары бар немесе дәріптейтін, ұлттық намысты қорлайтын, өрескел немесе жөнсіз сипатқа ие;
(vii) қорлайтын, жала жабатын, абыройды төгетін, цензурадан тыс, порнографиялық, анайы, қоқан-лоққы көрсететін, өрескел немесе жөнсіз болып табылатын немесе Sony компаниясы немесе үшінші тұлғалар сондай деп табуы мүмкін, соның ішінде жалаңаш тәннің суреттері, анайы мазмұны, заңсыз материалдар, жыныстық сипаттағы материалдар немесе дөрекі сөз нақыстар бар;
(viii) басқа тұлғалардың Сервисті пайдалануына кедергі жасайтын; немесе
(ix) жоғарыда аталғандардың кез келгенімен сипатталатын кез келген Пайдаланушылық материалдарға сілтемелер бар

кез келген Пайдаланушылық материалдарды орналастырмауды, жүктемеуді, көрсетпеуді, сондай-ақ басқалармен ортаға салмауды міндетіңізге аласыз.
(2) Сіз Сервистің бағдарламалық өнімдерін таратпауды, бастапқы кодын қалпына келтіруді жүзеге асырмауды, бөлшектемеуді және олардың негізінде туынды шығармалар жасамауды міндетіңізге аласыз.
8. САҚТАЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРДЫҢ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ШЕКТЕМЕЛЕР
(1) Сіз төмендегілерді мойындайсыз және келісесіз:
(i) Sony, егер өзінің қалауы бойынша Пайдаланушылық материалдардың көлемі (соның ішінде басқа Пайдаланушылардың материалдары) Sony Сервис үшін белгілеген материалдарды сақтау көлеміне лимиттерден асады деп тапса, Сізді құлақтандырусыз және Сіздің алдыңызда қандай да бір жауапкершіліксіз Сіздің Пайдаланушылық материалдарыңызды алып тастауы мүмкін;
(ii) Sony, егер ол Сервистің құралдарына қызмет көрсету үшін қажет болса, Сізді құлақтандырусыз және Сіздің алдыңызда қандай да бір жауапкершіліксіз Сіздің Пайдаланушылық материалдарыңызды алып тастауы мүмкін; және
(iii) Сіздің Пайдаланушылық материалдарыңызды (a) индекстеуді жүзеге асыру; (b) желілік қосылыстың техникалық талаптарын сақтау; немесе (c) Сервистің шектемелерін немесе сол сияқты басқа талаптарды сақтау үшін техникалық өңдеу немесе қайта форматтау қажет болуы мүмкін.
(2) Сіз сондай-ақ Sony компаниясының жоғарыда көрсетілгендей, Пайдаланушылық материалдарды алып тастауының немесе Сервистің жұмысын доғаруының немесе уақытша тоқтатуының нәтижесінде Сіз Сервистің Сервері арқылы Басқа әлеуметтік желілерге жүктеген белгілі бір Пайдаланушылық материалдардың тиісті Басқа әлеуметтік желілер үшін жабық болып қалуы, не болмаса Басқа әлеуметтік желілердің оларға қатынауы доғарылуы мүмкін болатынын мойындайсыз және келісесіз. Сондықтан, егер Сіз қатынау жоқ болатын сондай жағдаятқа тап болғыңыз келмесе, біз сізге Пайдаланушылық материалдарды сондай Басқа әлеуметтік желілерге Сервис арқылы емес, тікелей жүктеуге кеңес береміз.
(3) Сіз Пайдаланушылық материалдардың резервтік көшірмесін жасау үшін дербес жауап бересіз. Sony Сіз Сервис арқылы жүктеген деректердің жоғалғанына, бүлінгеніне немесе өзгертілгеніне байланысты туындайтын қандай да бір залалдар үшін жауапкершілік көтермейді.
9. ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ
Сіздің Пайдаланушылық материалдарыңызға құқықтарды қоспағанда, Сервис арқылы қолжетімді ақпаратқа, бағдарламаларға, материалдарға барлық құқықтар Sony компаниясына немесе оның жеткізушілеріне /лицензиарларына тиесілі.
10. СЕРВИСТІ ӨЗГЕРТУ
Sony өзінің жеке дара қалауы бойынша Сервистің жұмысын өзгертуге, алып тастауға, қысқартуға, доғаруға, сондай-ақ оның кез келген функцияларын өзгертуге, алып тастауға немесе доғаруға құқылы. Sony Сіздің немесе үшінші тұлғалардың алдында кез келген сондай өзгертулер үшін жауапкершілік көтермейді. Сервис деректерді апаттық қалпына келтіру құралы немесе төтенше жағдайларда деректерді сақтайтын орын ретінде пайдалануға арналмаған. Сіз кез келген Пайдаланушылық материалдарды орналастырғанға және жүктегенге дейін өз жауапкершілігіңізбен және өз есебіңізден өзіңіздің Пайдаланушылық материалдарыңыздың резервтік көшірмелерін жасау және сақтау үшін жауапкершілік көтересіз. Материалдарды онлайн сақтау құралдарының қолжетімдігін және көлемін Sony компаниясы мезгіл-мезгіл өзгертіп отыруы мүмкін.
11. СЕРВИСТІҢ ЖҰМЫСЫН УАҚЫТША ТОҚТАТУ
(1) Sony Сервистің жұмысын (i) Сервистің құралдарына қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілетін, (ii) Сервистің жұмысын бұзатын өрт, электр қуатының ажыратылуы, табиғи нәубеттер жағдайында, және (немесе) (iii) Sony Сервистің жұмысын уақытша тоқтату қажет немесе қалаулы деп табатын кез келген басқа жағдайлар орын алғанда қандай да бір хабарландырусыз уақытша тоқтатуы немесе доғаруы мүмкін.
(2) Sony ешбір мән-жайларда Пайдаланушының алдында Сервистің жұмысын тоқтатудан Пайдаланушыға келтірілген залалдар немесе нұқсан үшін жауап бермейді.
12. КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТУ
Sony:
(a) Сервистің Сіздің қажеттіліктеріңізге жауап беретініне;
(b) Сервистің бағдарламалық жасақтамасында ақаулардың жоқтығына немесе, егер ондайлар болса, сондай ақауларды жоюға;
(c) Сервистің уақтылы, қауіпсіз, қатесіз немесе үзіліссіз жұмысына;
(d) Сервистің немесе Сервистегі кез келген материалдардың, өнімдердің немесе мәліметтердің дәлдігіне, деректілігіне, дұрыстығына немесе толымдылығына;
(e) Сервисте сақталатын, көрсетілетін немесе ол арқылы жолданатын Пайдаланушылық материалдардың өзгертілмейтініне, өшірілмейтініне немесе бүлінбейтініне немесе кез келген уақытта және мерзімдері бойынша шектеусіз жүктеу немесе көшіріп алу үшін қолжетімді болатынына;
(f) Сервистің көмегімен қандай да бір нақты нәтижеге қол жеткізуге болатынына; немесе
(g) Сервисте компьютерлік жабдыққа, деректерге, бағдарламаларға немесе басқа мүлікке жұғуы немесе Сіз Сервиске қатынау мүмкіндігіне ие болып, оның бөлімдерін шарлайтын, Сервистен материалдар көшіретін немесе Сервиске материалдар жүктейтін немесе Сервисті немесе онда орналастырылған материалдарды басқа бір түрде пайдаланатын уақытта оған зиян келтіруі мүмкін вирустардың немесе басқа компоненттердің жоқтығына

ешқандай куәліктер немесе кепілдіктер бермейді.
SONY ЕШҚАНДАЙ, ТІКЕЛЕЙ АЙТЫЛҒАН, СОНДАЙ-АҚ ТҰСПАЛДЫ КЕПІЛДІКТЕР, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕЙ, СЕРВИСТЕ ЖАРИЯЛАНҒАН НЕМЕСЕ СЕРВИС АРҚЫЛЫ ҚОЛЖЕТІМДІ КЕЗ КЕЛГЕН ӨНІМДЕРДІҢ, МАТЕРИАЛДАРДЫҢ, МӘЛІМЕТТЕРДІҢ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫНА, НАҚТЫ МАҚСАТ ҮШІН ЖАРАМДЫЛЫҒЫНА НЕМЕСЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖОҚТЫҒЫНА ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІКТЕР БЕРМЕЙТІНІН АРНАЙЫ ЕСКЕРТЕДІ.
Бірқатар юрисдикцияларда белгілі бір кепілдіктерден бас тартуға жол берілмейді, сондықтан жоғарыда берілген ескермелердің қайсыбірі Сізге таралмайтын болуы мүмкін.
13. ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ҚОРҒАЛАТЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ АЛЫП ТАСТАУ
(1) Sony Сіздің Пайдаланушылық материалдарыңызды құлақтандырусыз және Сіздің алдыңызда қандай да бір жауапкершіліксіз алып тастауы мүмкін.
(2) Сіз Сервисті құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланбауды міндетіңізге аласыз.
(3) Sony компаниясында кез-келген күдіктенген құқыққа қарсы қызмет туралы құқық қорғау органдарына хабарлау және аталған органдар тергеу жүргізген кезде олармен толық ынтымақтастық ету жөніндегі қағида әрекет етеді. Сіз аталған қағиданың Сервиске байланысты да қолданылатынын мойындайсыз және келісесіз.
(4) Сіздің Сервисті пайдалануыңыз барлық қолданылатын заңдарды, өкімдерді, ережелер мен нормативтік актілерді, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, техникалық деректерді табыстау туралы заңдарды сақтаумен жүргізілуге тиіс.
14. МҮШЕЛІКТІ ДОҒАРУ
Sony өзінің жеке дара қалауы бойынша кез келген негіз бойынша немесе негізсіз Сізді алдын ала құлақтандырусыз Сервистің жұмысын немесе оның кез-келген бөлігін уақытша немесе тұрақты тоқтату және (немесе) доғару, Сіздің мүшелігіңізді доғару немесе Сіздің Пайдаланушылық материалдарыңызды алып тастау, сондай-ақ кез келген Пайдаланушылық материалдарды редакциялау, өшіру немесе Сервистен алып тастау құқығын өзіне қалдырады.
15. КЕПІЛДІК, КЕПІЛДІКТЕРДЕН БАС ТАРТУ
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕКТЕ, СЕРВИС, СОНЫҢ ІШІНДЕ СЕРВИС АРҚЫЛЫ ҰСЫНЫЛАТЫН НЕМЕСЕ ҚОЛЖЕТІМДІ БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР, ӨНІМДЕР, ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ АҚПАРАТ «ҚАЛАЙ БОЛСА, СОЛАЙ», ЯҒНИ, ҚАНДАЙ ДА БІР КЕПІЛДІКТЕРСІЗ ҰСЫНЫЛАДЫ.
СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУ СІЗДІҢ ӨЗ ТӘУЕКЕЛІҢІЗБЕН ЖӘНЕ СІЗДІҢ ЖЕКЕ ДАРА ҚАЛАУЫҢЫЗ БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.
СІЗ СОНДАЙ ПАЙДАЛАНУДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН СІЗДІҢ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІҢІЗГЕ КЕЗ КЕЛГЕН НҰҚСАН ҮШІН НЕМЕСЕ ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖОҒАЛҒАНЫ ҮШІН НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ЗАЛАЛДАР ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖЕКЕ ДАРА КӨТЕРЕСІЗ.
16. ЗАЛАЛДАРДЫ ӨТЕУДЕН БАС ТАРТУ, ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ШЕКТЕУ
Егер тіпті Sony компаниясына немесе оның уәкілетті өкілдерінің немесе жеткізушілерінің кез келгеніне сондай залалдардың мүмкіндігі туралы хабарланса да, Sony, оның уәкілетті өкілдері немесе жеткізушілері ешбір мән-жайларда (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, олардың салақтығы жағдайында) Сіздің Сервисті пайдалануыңызға байланысты ол келісімшарт, деликт (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, салақтық) немесе басқадай болсын, кез келген талап, кез келген ысыраптар және (немесе) талап үшін кез келген негіздер бойынша тікелей, жанама, туындайтын, ілеспе, ерекше немесе айыппұлдық залалдар үшін, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей:
(a) Сервистің сапасы, деректілігі, дәлдігі немесе толымдылығы үшін;
(b) Сіздің Сервисті пайдалануыңыздан туындайтын Сіздің Пайдаланушылық материалдарыңызды, компьютерлік жабдықты, бағдарламалық жасақтаманы, деректерді немесе кез келген мәтіндерді, суреттерді, видеоны, музыкалық, дыбыстық немесе аудиофайлдарды немесе басқа материалдарды кез келген өзгерту, жариялау, көрсету, сақталмау, индекстеудің жоқтығы, жоғалғаны, өшірілгені, қолжетімділігінен айырылу немесе зақымдалғаны үшін;
(c) Сервисті, Пайдаланушылық материалдарды немесе Сервисте ұсынылатын кез келген материалдарды, өнімдерді, қызметтерді немесе мәліметтерді пайдаланудан немесе пайдаланудың мүмкін болмауынан (ақауға, уақытша тоқтатуға, жұмысын доғаруға байланысты немесе басқа себептер бойынша) туындайтын кез келген зиян, кез келген қателіктер, олқылықтар, шығындар, ысыраптар немесе залалдар үшін;
(d) Сервистің жұмысындағы кез келген істен шығу, кідірістер, жаңсақ мекенжайға жеткізу немесе үзілістер үшін;
(e) Пайдаланушылық материалдарды көшірудің немесе Пайдаланушылық материалдарға шығудың нәтижесінде келітірілген кез келген зиян үшін;
(f) Пайдаланушылық материалдарға кез келген рұқсатсыз шығу немесе Пайдаланушылық материалдарды рұқсатсыз өзгерту немесе Сервистің Серверінің қауіпсіздігінің кез келген бұзушылықтары үшін; немесе
(g) кез келген орнын басатын тауарларды немесе қызметтерді сатып алуға шығындар үшін
жауапкершілік көтермейді.
Бірқатар юрисдикцияларда туындайтын немесе ілеспе залалдарды алып тастауға немесе шектеуге жол берілмейді, сондықтан жоғарыда берілген шектемелер Сізге таралмайтын болуы мүмкін. Кейбір пайдаланушылардың қосымша құқықтары болуы мүмкін.

Егер жоғарыда берілген шектемелерге қарамастан, Sony, оның өкілдері және (немесе) жеткізушілері қандай да бір себептерден Пайдаланушының алдында жауапкершілік көтереді деп танылса, онда, осы Ережелердің басқа ешбір қағидаларына қарамастан, Sony компаниясының осы Ережелер бойынша және Сіздің Сервисті пайдалануыңызға байланысты жауапкершілігінің жиынтық мөлшері 100 (бір жүз) АҚШ долларынан аспайтын болуға тиіс.
17. ЖАБЫҚ СИПАТ
Sony өз клиенттерінің жекеше өмірінің қол сұғылмаушылығын құрметтейді. Бұл мәселе бойынша толығырақ ақпарат Деректерді қорғау саясатында берілген.
18. ЗАЛАЛДАРДЫ ӨТЕУ
Сіз өзіңіздің Сервисті пайдаланғаныңыз және сондай пайдаланудың нәтижелері үшін дербес жауапкершілік көтеретін болғандықтан, Сіз Sony компаниясына, оның басты, еншілес және аффилиндірілген компанияларына, лауазымды тұлғаларына, жұмыскерлеріне, лицензиарларына, мердігерлері мен Сервисті басқа пайдаланушыларға кез келген үшінші тұлға:
(a) Сіздің Сервисті пайдаланғаныңыздың;
(b) Сіздің осы Ережелерді немесе кез келген Байланысқан сайт пен сервисті пайдаланудың кез келген қолданылатын ережелерін бұзғаныңыздың;
(c) Сіздің үшінші тұлғаның өзінің жекеше деректерін қорғауға құқықтарын бұзғаныңыздың;
(d) Сіздің үшінші тұлғаның авторлық құқықтарын, тауар таңбаларына құқықтарын, патенттік құқықтарын немесе басқа зияткерлік меншік құқықтарын бұзғаныңыздың; немесе
(e) Пайдаланушылық материалдардың

нәтижесінде немесе салдарынан мәлімдеген кез келген талаптар, кінәраттар, залалдар, шығыстар және (немесе) міндеттемелер, соның ішінде заңгерлердің немесе сарапшылардың қызметтерінің ақысын өтеуге келісесіз.
19. ЖОЙҚЫН КҮШ МӘН-ЖАЙЛАРЫ
Sony тікелей немесе жанама, оның бақылауынан тыс себептерден, соның ішінде, бірақ онымен шектелмей: қатынаудың жоқтығынан немесе интернеттің жұмысындағы үзілістерден, электр қуатының ажыратылуынан, компьютерлік, телекоммуникациялық немесе басқа жабдықтың жұмысындағы үзілістен, ереуілдерден, еңбек дауларынан, көтерілістерден, билікті басып алудан, азаматтық толқыныстардан, жұмыс күшінің немесе материалдардың жетіспеушілігінен, өрттен, топан судан, дауылдан, жарылыстан, соғыстан, үкіметтің әрекеттерінен, мемлекеттің ішіндегі немесе шетелдік соттардың өкімдерінен, үшінші тұлғалардың міндеттемелерін орындамағанынан туындаған өзінің міндеттерін орындауды кешіктіргені немесе орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
20. СЕРВИСТІ ПАЙДАЛАНУДЫ ДОҒАРУ
Егер Сіз осы Ережелердің қандай да бір бөлігімен немесе оларға келесідегі кез келген өзгертулермен келіспейтін болсаңыз, немесе Сервиске немесе Сервистің көмегімен жүргізілген кез келген операцияға қанағаттанбасаңыз, Сіздің құқықтарыңызды қорғаудың бірден бір құралы Сервисті пайдалануды доғару болып табылады. Осының алдындағы сөйлемде осы Ережелермен кез келген келіспеушілік кезінде немесе Сервиске қанағаттанбаған жағдайда Сіздің құқықтарыңызды қорғаудың жалғыз және айрықша құралы белгіленген.

Осы Ережелердің кез келген қағидасының негізінде қызмет көрсетуді кез келген доғару алдын ала құлақтандырусыз жүзеге асырылуы мүмкін, және Sony Сіздің барлық Пайдаланушылық материалдарыңызды дереу алып тастауы және өшіруі және (немесе) Сізді Сервиске қатынау құқығынан айыруы мүмкін. Осы Ережелердің әрекеті доғарылған кез келген жағдайда, Сіздің Сервисті пайдалану құқығыңыз бірден доғарылады. Сондан кейін Sony Сіздің Пайдаланушылық материалдарыңызды сақтау бойынша немесе оларға қатынау мүмкіндігін беру бойынша немесе Сервисте сақталатын кез келген материалдарды немесе кез келген оқылмаған немесе жөнелтілмеген хабарларды табыстау бойынша міндеттемелер көтермейді. Sony белгілі бір материалдарды әкімшілік және басқа мұқтаждықтар үшін өзіне қалдыруы мүмкін.
21. ҚАЗЫЛАР СОТЫНАН БАС ТАРТУ
ТАРАПТАР ОСЫ АРҚЫЛЫ ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРГЕ НЕМЕСЕ СЕРВИСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ КЕЗ КЕЛГЕН ДАУ БОЙЫНША ҚАЗЫЛАР СОТЫН ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҒЫНАН БАС ТАРТАДЫ.
22. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР
Осы Ережелердің Сіз бен Sony компаниясының арасындағы Сервиске қатысты келісімнің толық көлемін құрайды және Сіз бен Sony компаниясының арасындағы Сервиске қатысты жазбаша, сондай-ақ ауызекі кез келген басқа келісімдердің, ұсыныстардың немесе хабарлардың орнын басады.

Егер құзыретті сот осы Ережелердің қандай да бір қағидасын заңсыз, орындауға келмейтін немесе заңнамаға қайшы деп таныса, ондай қағида осы Ережелердің әуел бастағы мақсаты мүмкіндігінше жақын көрсетілетіндей түсіндірілуге тиіс, бұл орайда барлық басқа қағидалар толық күшінде қала береді.

Егер Sony қандай да бір құқықты жүзеге асырмаса, немесе осы Ережелердің қандай да бір шартының орындалуын талап етпесе, және егер Sony өзінің сондай бас тартқанын жазбаша түрде растамаса, бұл оның сондай құқықтан немесе қағидадан бас тартқанын білдірмейді.

Sony осы Ережелер бойынша өзінің құқықтарын өзінің жеке қалауы бойынша кез келген үшінші тарапқа беруі мүмкін. Сіз Sony тарапынан алдын ала жазбаша рұқсатсыз осы Ережелермен берілген құқықтарды бере алмайсыз немесе сублицензия шарттарында бере алмайсыз.

Сіз Сервистен немесе оған байланысты туындайтын талаптың кез келген негіздер бойынша талаптық мерзімі талап үшін сондай негіз пайда болғаннан кейін 1 (бір) жылды құрайтынымен келісесіз.