News Suite  Қосымшасын пайдаланатын тұтынушыларға арналған түсініктеме

NEWS SUITE  ҚОСЫМШАСЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ САЯСАТЫ ("Деректерді қорғау саясаты")

 

Соңғы редакцияланған және күшіне енген күн: 2021-09-30

[ Language : Kazakh, Қазақша ]

 

Осы Деректерді қорғау саясаты төмендегі ережелерге түсініктеме береді:

 

i. “Sony Network Communications Inc.” компаниясы («Sony», «біз», «біздің» немесе «бізге») Сіздің News Suite қосымшасын және Сіз осы қосымша арқылы оған қол жеткізу мүмкіндігіне ие болатын контентті пайдалануыңызға қатысты ақпаратты қалай оқиды, жинайды, пайдаланады, бөліседі және/немесе сақтайды. Бұл деректерді қорғау саясаты News Suite қосымшасы арқылы жиналған ақпаратқа ғана қатысты және Sony арқылы басқа кез келген қосымшада, веб-сайтта немесе офлайн желісінде жиналған ешқандай ақпаратты (арнайы ескертілмейінше) қамтымайды.

 

ii. Сіз бізбен қалай хабарласа аласыз.

 

 

1. News Suite сервисі туралы

 

News Suite қызметі бірнеше онлайн көздерден (мысалы, Really Simply Syndication (RSS) мүмкіндігі бар жаңалықтар арналары) ақпаратты жинайды. Құрылғыңызға алдын ала орнатылған немесе жүктелетін News Suite қосымшасы арқылы қызметке кіруге болады. Осы қосымша арқылы қызметті біріктіру қажет онлайн көздерді таңдауға болады. Содан соң, қосымшаның пайдаланушы интерфейсі бір орында жалғыз арна ретінде біріктірілген ақпаратты көрсетеді. Оған қоса, қосымшада News Suite қосымшасы арқылы кіретін контенттің негізінен алынған ақпарат сіз үшін қызықты болады деп ойлайтын онлайн көздер туралы мәліметтерді көрсететін мүмкіндік бар.

 

 

2. News Suite қосымшасы жинайтын және Sony компаниясына хабарлай алатын ақпарат

 

Сіз News Suite қосымшасын пайдаланған уақытта, бұл қосымша төменде 3-ші тармақта көрсетілген мақсаттарда төмендегідей ақпарат түрлерін оқуы және біздің жинауымыз, пайдалануымыз және (немесе) сақтауымыз үшін бізге хабарлауы мүмкін. News Suite қосымшасын пайдаланғаныңызда, бұл ақпараттың көпшілігі автоматты түрде жиналады.

 

i. News Suite қосымшаңыздың параметрлері

 

Мысалы, орнату барысында таңдаған ел мен тіл және кейбір мүмкіндіктердің, және ақпаратты алу үшін тіркеген RSS мүмкіндігі бір жаңалықтар арналарының қабылданғаны немесе қабылданбауы.

 

ii. Құрылғыңыз туралы ақпарат (мысалы, үлгі атауы, нұсқасы, операциялық жүйесінің параметрлері,  Android Ad ID, iOS жүйесі қамтамасыз ететін Identification For Advertisers)

 

iii. News Suite қосымшасын алғаш қолданған кезде автоматты түрде жасалатын бірегей идентификатор (мысалы, құрылғы идентификаторы, клиент идентификаторы).

 

iv. News Suite қосымшасын пайдалануыңыз туралы ақпарат

 

Біз сондай-ақ Сіздің контентті жүктеу журналыңыз бен News Suite қосымшасын пайдалану барысындағы таңдауларыңыз, соның ішінде Сіз қандай SNS немесе жаңалықтар арналарын оқитыныңыз, Сіз қандай хабарларды бағалайтыныңыз және қандай хабарларды басқалармен ортаға салатыныңыз туралы ақпарат жинаймыз.

 

v. Орналасу ақпараты

 

News Suite қосымшасын пайдаланғанда сіздің орналасу туралы ақпарат жинай аламыз. Мобильді құрылғыгың параметрлері (әдетте, «Орналасу», «GPS» немесе соған ұқсас параметрде көрсетіледі) арқылы орналасу ақпаратын жинауды өшіруге болады. Сондай-ақ, News Suite қосымшасында қамтамасыз ету мақсатында таңдаған әдепкі орналасу ақпаратын жинай аламыз. News Suite қосымшасының параметр мәзірі арқылы әдепкі орналасу ақпаратын кез келген уақытта жаңартуға болады. Біз орналасу деректерін орналасуы қатысты контентті немесе қызметтерді жеткізетін үшінші тараптармен ортақ бөлісе аламыз, бірақ жеке ақпаратты ашатындықтан, бұл әрекетті келісіміңізсіз орындамаймыз.

 

vi. Журнал тізімін жүктеу (Android смартфоны, Android планшеті, iOS смартфоны мен iOS планшеті).

 

Сапа мен мүмкіндікті жақсарту мақсатында осы жаңа мүмкіндік Sony серверіне News Suite қолданыстағы статистикаларын және жүйе ақпараттарын жібереді. Оған құпия және жеке басты анықтайтын ақпарат кірмейді. Ұялы байланыс желісіне қосылғанда, деректер байланысы үшін ақы алынуы мүмкін.

 

Бұл мүмкіндік үшін интернетке қосылу қажет.

 

«Журнал тізімін жүктеу» параметрлерін өзгертуге болады.

 

Егер ағымдағы уақытта қосымша құрылғыда көрсетілмесе де, News Suite қосымшасы жоғарыдағы ақпаратты оқып, бізге байланыстыра алатынын ескеріңіз.

 Жоғарыда жиналған ақпарат iOS жүйесі қамтамасыз еткен Android Ad ID немесе Identification For Advertisers (IDFA) мүмкіндігі бар қосылымда жүктеледі.  Android Ad ID немесе IDFA сияқты мүмкіндікті құрылғыдағы параметрден қайта орнатуға болады.

 

 

3. Sony сіздің ақпаратыңызды қалай пайдаланады

 

Sony жоғарыда 2-ші тармақта көрсетілген ақпаратты қолданыстағы заңнамаға сәйкес төмендегі мақсаттар үшін сақтауы, пайдалануы және жария қылуы мүмкін:

 

i. Қызмет көрсету

Сізге өзіңізге қажет News Suite сервисінің мүмкіндіктері мен функцияларын ұсыну үшін.

 

ii. RSS және басқа мазмұны бар жаңалықтар арнасы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету

Бұл ұсыныстар, соның ішінде 2(vi) тармақта көрсетілген тәртіпте біз Сіздің News Suite қосымшасын пайдалануыңыз туралы жинайтын ақпаратты пайдалану арқылы дербестендірілуі мүмкін.

 

iii. Жаңартулар және әзірлеу

News Suite қосымшасы мен сервисінің жұмысын жақсартуға көмектесу, Сізге бағдарламалық жаңартулар беру және News Suite қосымшасы мен сервисіне арналған әзірленімдер мен жаңа мүмкіндіктерді дайындау және ұсыну үшін.

 

iv. Болашақ өнімдер/қызметтер әзірлеу

Бізге жаңа өнімдер мен қызметтерді толық әзірлеуге көмектесу үшін.

 

v. Ережелерді сақтау және орындау

News Suite қосымшасы мен сервисін пайдаланудың және осы Деректерді қорғау саясатының шарттарын орындау және сақталуын қамтамасыз ету үшін.

 

vi. Жарнамалау және талдау

Sosialife қосымшасы мен онлайн желісінде мақсатты, контекстік жарнамалар мен ұсыныстар беру. Сонымен бірге сараптама жүргізу, зерттеу, сауалнама жүргізу және өнімді талдау және әзірлеу.

 

News Suite қосымшасын пайдаланғанда, Сіз осы Деректерді қорғау саясатына сәйкес жоғарыда аталған мақсаттар үшін 2-ші тармақта көрсетілген тәртіпте жиналған Сіздің ақпаратыңызды пайдалануға келісім бересіз. Егер Сіз сондай мақсаттар үшін Сіздің ақпаратыңызды пайдалануға келісім бермесеңіз, Сіз қосымшаны пайдаланбауға тиіссіз.

 

 

4. Ақпаратты тағы кімнің қолдануға мүмкіндігі бар

 

Sony компаниясы беретін және сақтайтын ақпаратыңыз Sony Group Corporation компаниясының басқа топтық компанияларына және үшінші тараптарға келесі әдіспен қолжетімді болуы мүмкін:

 

i. Sony Group Corporation компаниясының топтық компаниялары

Жоғарыдағы 3-бөлімде жазылған шараларды жүзеге асыру мақсатында ақпаратыңыз Sony Group Corporation компаниясының басқа топтық компанияларымен ортақ пайдаланылуы мүмкін.

 

ii. Үшінші тарап – мердігерлер

 

(a) «Кілтсөздер арқылы жаңалық іздеу» функциясы Microsoft корпорациясы ұсынған Bing қызметін қолданады. Енгізілген кілтсөздер Bing серверіне жіберіледі. Microsoft қызметтерін пайдалану туралы келісімді қараңыз.

 

(b) Android смартфонына немесе планшетіне арналған хабарды көрсету функциясы Google Inc. ұсынған Google Cloud Messaging (GCM) қызметін қолданады. Алынған хабарлар мен пайдаланушы журналы Google Inc. серверіне жіберіледі және мұндай ақпарат GCM үшін және/немесе Google деректерді қорғау саясатына сәйкес қолданылуы мүмкін. Оған қоса, алынған хабарда Google Inc. ұсынған жарнама қамтылуы мүмкін.

 

(c) iOS жүйесіндегі смартфонға немесе планшетке арналған хабар көрсету функциясы Apple Inc. («Apple») компаниясы қамтамасыз ететін Apple Push Notification қызметін (APN) пайдаланады. Алған хабарлар мен пайдаланушы журналыңыз Apple компаниясының серверіне жіберіледі және сондай ақпарат APN қызметі үшін және/немесе Apple компаниясының құпиялық саясатына (http://www.apple.com/privacy/) сәйкес пайдаланылуы мүмкін.

 

(d) Сіздің ақпаратты Sony компаниясы News Suite қосымшасы мен сервисін ұсынуға және оның жұмысына жәрдем беретін қызметтер көрсету үшін пайдаланатын Sony компаниясының үшінші тарап – мердігерлері сақтауы және (немесе) өңдеуі мүмкін.

 

iii. Бизнесті табыстау

Сіздің ақпаратты біз ол арқылы өзіміздің бизнесімізді толық немесе ішінара көлемде табыстайтын мәміленің бір бөлігі ретінде табыстауымыз мүмкін және ондай жағдайда біздің қолымызда бар өз клиенттерімізге қатысты ақпарат табысталатын активтердің қатарына кіретін болады.

 

iv. Заңнаманы сақтау

Біз Сіздің кез келген ақпаратыңызды заңнамамен, нормативтік актілермен немесе ұйғарымдармен көзделген талаптарға сәйкес сақтай, пайдалана және (немесе) жария ете аламыз, соның ішінде құқық қорғау немесе басқа да тиісті органдарға, Сіз берген немесе Сізге қатысты берілген шағымдарды тергеу үшін, біз өзімізді немесе басқа тұлғаларды заңсыз, қылмыстық немесе зиян тигізетін қызметтен қорғау үшін.

 

5. Үшінші тараптың сараптаушы провайдерлері, жарнама серверлері және осыған ұқсас үшінші тараптар

 

News Suite қосымшасының трафигіне (оның ішінде көрілген беттер мен контент және News Suite қосымшасына кіргенде жасалған әрекеттер) қатысты бізге ақпарат беру үшін, News Suite қосымшасында жарнамалар беру үшін, біздің жарнамаларымызды онлайнда беру үшін және News Suite қосымшасының пайдаланылуы мен жарнамаларымыздың тиімділігіне қатысты ақпаратты бізге беру үшін Sony желілік жарнамалаушылармен, жарнама агенттіктерімен, сараптама жүргізетін провайдерлермен және басқа жеткізушілермен жұмыс істейді. Біздің қызмет көрсетуші провайдерлеріміз News Suite қосымшасына, басқа веб-сайттар мен қызметтерге кіру және ондағы әрекеттер туралы белгілі бір ақпарат жинап, бұл ақпаратты бізге жарнамалау үшін пайдалануға құқылы.

 

Бұл қызмет көрсетуші провайдерлер құрылғыңызға жеке қадағалау технологияларын орнатып, оларға кіруге құқылы және басқаша айтқанда, (басқалардың арасында) мақсатты жарнамаларға пайдаланылуы мүмкін сіз туралы ақпаратты жинауға немесе қолдануға, бір жарнаманы бірнеше көрсетпеуге және белгілі бір жарнамалардың сізге пайдалы жағы туралы зерттеу жүргізуге құқылы. Біз кірушілер туралы пайдалану ақпаратын үшінші тараптың жарнама компанияларымен, сараптама жасайтын провайдерлермен және осы мақсаттағы басқа жеткізушілермен бөлісуге құқылымыз. Бұл үшінші тарап қызмет көрсетуші провайдерлер уақытысымен News Suite қосымшасына не үшінші тараптың басқа қосымшаларына, онлайн веб-сайттар мен қызметтерге кіргеніңізде жеке ақпарат жинауға құқылы.

 

Қызмет провайдерлерді мен жинаққа және ақпараттың қолданысына қолданылатын олардың құпиялық саясаттары туралы ақпаратты алу үшін келесі сілтемелерді қараңыз:

 

http://socialife.sony.net/privacy/adnetwork_ww.html

 

Мобильді құрылғыда параметрлерді өзгерту арқылы мақсатты жарнамалардан бас тарту жолдары туралы төменнен қараңыз.

http://support.tvsideview.sony.net/5/tvsideview/apn_opt_out/top_en/index.html

 

Жарнамалау және сараптау компаниялары ақпараттарыңызды бұрынғыша жинап, осы механизмдер арқылы таңдап, қолдау көрсететін жарнамадан сізді таңдамайды. Онлайн болғанда немесе құрылғыдан жалпы түрдегі жарнамаларды беруді жалғасытрасыз.  News Suite қосымшасы — жарнамалауды қолдайтын қосымша. Егер осы қызмет жеткізушілер жинайтын бүкіл деректердің жинауын тоқтатуды немесе егер ешқандай жарнаманы алмауды қаласаңыз, News Suite қосымшасын жоюыңыз керек.

 

 

6. Сәлемдесу экранындағы хабарлар

 

Сәлемдесу экраны Сіз News Suite қосымшасын іске қосқан кезде, егер біз Сізге жаңалық хабарлағымыз келсе, көрсетілуі мүмкін. Мысалы, экран біздің қосымша арқылы қолжетімді жаңа контент туралы немесе жаңа мүмкіндіктер және (немесе) функциялар ұсынатын қосымшаның бағдарламалық жасақтамасының жаңғыртылған нұсқасы туралы хабарларды көрсетуі мүмкін. Сізге қосымшаның баптамаларында жаңа контент және сәлемдесу экранындағы қосымшаны жаңғырту туралы хабарлар алудан бас тартуыңызға болады. Бас тартқан жағдайда, Сізге жүйенің маңызды хабарлары, соның ішінде, мысалы, News Suite сервисі жоспардағы техникалық қызмет көрсетуге байланысты қолжетімді бомайтын уақыт туралы ақпарат бұрынғысынша көрсетіле беруі мүмкін.

 

 

7. Сіздің ақпаратты халықаралық деңгейде табыстау

 

News Suite қосымшасы мен сервисі бүкіл әлемдегі пайдаланушылар үшін қолжетімді. Сіздің ақпаратыңыз жоғарыда 3-ші тармақта көрсетілген мақсаттарда Еуропалық экономикалық аймақтың («ЕЭА») және (немесе) Сіз тұратын еліңізден тыс елдерде өңделетін, сақталатын және табысталатын (берілетін) болады. Сіздің ақпаратыңызды ЕЭА және (немесе) Сіз тұратын еліңізден тыс жерлерде орналасқан және біз үшін немесе бізге қызмет көрсететін сервис провайдерлердің бірі үшін жұмыс істейтін қызметкерлер өңдейтін болады және ақпаратты сондай елдердегі аталған қызметкерлер көруі мүмкін. Ол елдердің жеке деректерді қорғау және жеке өмір туралы заңнамасында ЕЭА және (немесе) Сіз тұратын елде бар қорғау деңгейі көзделмеген болуы мүмкін және Сізге ақпаратыңызға қатысты заңды құқықтардың әлдеқайда аз көлемі берілуі мүмкін.

 

News Suite қосымшасын пайдаланғанда, Сіз сондай табыстауды жүзеге асыруға келісесіз. Егер Сіз сондай табыстауды жүзеге асыруға келісім бермесеңіз, онда Сіз қосымшаны пайдаланбауға тиістісіз.

 

 

8. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары

 

Sony Сіздің ақпаратыңызды жоғалудан, заңсыз пайдаланудан немесе өзгертуден қорғау үшін ақылға қонымды қауіпсіздік шараларын қолдануға ұмтылады. Сіздің ақпаратыңызды қорғау ниетімізге қарамастан, біз Сіздің News Suite қосымшаларыңыз арқылы бізге табысталған, біз өзіміздің жүйелерімізде сақтайтын немесе біздің мердігерлеріміздің – үшінші тараптардың жүйелерінде сақталатын қандай да бір ақпараттың қауіпсіздігіне кепілдік бере алмаймыз.

 

 

9. Жалпы аудиторияға арналуы

 

News Suite қосымшасы мен сервисі жалпы көрермендерге арналған және 13 жасқа толмаған балаларға арналмаған.

 

 

10. Осы Деректерді қорғау саясатына енгізілген өзгертулер

 

Осы Деректерді қорғау саясаты уақыт өте өзгертіліп отыруы мүмкін. Біз Деректерді қорғау саясатының жаңа нұсқасын жаңартылған нұсқаның күнін көрсетіп, News Suite қосымшасында «Баптамалар>> Қосымша туралы >> Деректерді қорғау саясаты» (“Setting >> About >> Privacy Policy”) мәзірінде және/немесе веб-сайтымызда жариялап отырамыз, сонымен бірге жіберген кезімізде (немесе жаңартылған саясатты көрсетілген күні), өзгертулер күшіне енеді. Сол өзгертулер күшіне енгеннен кейін News Suite қосымшасына кіріп немесе оны пайдаланып, тексерілген Деректерді қорғау саясатын ұстануға келісесіз. Егер біз бұл Құпиялылық туралы саясатты жаңартсақ, біз өз өкілеттілігіміз бойынша News Suite қосымшасы арқылы немесе басқа әдіспен сізге хабарлауды таңдауға құқылымыз.

 

 

11. Байланыс ақпараты

 

Біздің Деректерді қорғау саясатымыз, оның ішінде сұраулар, шағымдар немесе ақпарат жинау мен пайдалануға қатысты пікір-таластар туралы қосымша ақпарат алу үшін сұрауыңызды http://socialife.sony.net/en_ww/newssuite/contact/privacy/ арқылы жіберіңіз